Топ-баннер
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сексеуіл кентінде жаңа Конституция бойынша кездесу өтті

Сексеуіл кентінде жаңа Конституция бойынша кездесу өтті

Сексеуіл кентінде «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» аумақтық коалициясының өкілдері жергілікті тұрғындармен жүздесіп, конституциялық реформалардың мән-маңызын кеңінен түсіндірді. Кездесу барысында жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары таныстырылып, ел дамуына қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

Жиынға коалиция жетекшісі Базарбай Төрахметов, сондай-ақ коалиция мүшелері Талғат Қанатов, Алдаберген Жоланов, Ранай Наштаева, Еркебұлан Аяғанов, Бақтияр Ізбасаров қатысты.

Коалиция өкілдері өз сөздерінде ұсынылып отырған өзгерістердің басты мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайту, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету және мемлекеттік басқару …
[13:32, 23.02.2026] Ержан Жастар ресурс: Сексеуіл кентіндегі “Қарақат” сауда үйінде «Әділетті және Прогрессивті Қазақстан Халықтық Конституциясы үшін!» аумақтық коалициясының экспромт кездесуі ұйымдастырылды. Кездесу барысында жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары таныстырылып, оның қоғам өміріне және әр азаматтың құқықтары мен бостандықтарына тигізетін маңызы түсіндірілді.

Коалиция жетекшісінің орынбасары Талғат Қанатов және коалиция мүшелері Ранай Наштаева, Еркебұлан Аяғанов, Бақтияр Ізбасаров тұрғындарға Конституцияның әр азаматқа беретін құқықтық кепілдіктерін, қоғамдық қатынастарды реттейтін маңызды нормаларын айтып берді.

Тұрғындар өз ой-пікірлерін ортаға салып, жаңа Конституцияның қоғам үшін маңыздылығын қолдады. Кездесу ашық диалог форматында өтіп, әр қатысушы өз сұрақтарына нақты жауап алды.
#АМАНАТ
23 ақпан 2026 ж. 142 0