Конституциялық реформалардың маңыздылығы талқыланды
«Әділетті және Прогрессивті Қазақстан Халықтық Конституциясы үшін!» аумақтық коалициясы кітапхана қызметкерлерімен кездесті.Кездесу барысында жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары таныстырылып, реформалардың қоғам өміріне ықпалы талқыланды.
Кездесуге коалиция жетекшісі Төрахметов Базарбай Шөменұлы және мүшелері Жоланов Алдаберген Алдиярұлы, Қанатов Талғат Мырзағұлұлы, Ибраимова Лаура Қолғанатқызы, Сұлтаниязов Берік Бақытұлы қатысты. Жиынға аудандық кітапхана жүйесінде еңбек ететін мамандар, оқу залдарының қызметкерлері мен әдіскерлер жиналды.
Коалиция өкілдері өз сөздерінде ұсынылып отырған өзгерістердің басты мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту, заң үстемдігін қамтамасыз ету және мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру екенін атап өтті. Сонымен қатар қоғамның түрлі топтарының пікірін ескеру тетіктері кеңейетіні айтылды.
#АМАНАТ










