Топ-баннер
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Табиғат қорғау саласы өкілдерімен кездесу өтті

Табиғат қорғау саласы өкілдерімен кездесу өтті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстан Халықтық Конституциясы үшін!» аумақтық коалициясының өкілдері Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы мекемесінің қызметкерлерімен кездесу өткізді. Басқосуға коалиция жетекшісінің орынбасары Талғат Қанатов пен коалиция мүшелері Айтуған Сауяев және Абай Елешов қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты – ұсынылып отырған жаңа Конституция жобасының мазмұнын түсіндіру, оның қоғам дамуына әсері мен азаматтардың құқықтық мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған тұстарын талқылау болды. Жиын барысында қатысушыларға құжаттағы басты қағидаттар, әлеуметтік әділеттілік, заң үстемдігі, азаматтардың құқықтары мен жауапкершілігін күшейту мәселелері жан-жақты баяндалды.
Коалиция өкілдерінің айтуынша, жаңа Конституция – елдің саяси жүйесін жаңғыртуға бағытталған маңызды құжат. Онда мемлекеттік басқарудың ашықтығын арттыру, халықтың шешім қабылдау үдерісіне қатысуын кеңейту, табиғатты қорғау мен экологиялық қауіпсіздікті күшейтуге қатысты нормалар қамтылған. Бұл бағыттар қорық қызметкерлері үшін де ерекше маңызға ие екені атап өтілді.
#АМАНАТ
19 ақпан 2026 ж. 212 0