КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ – АҚҚҰМ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ДИАЛОГ
«Әділетті және Прогрессивті Қазақстан Халықтық Конституциясы үшін!» аумақтық коалициясының өкілдері Аққұм ауылында тұрғындарменде кездесу өткізді. Басқосуға коалиция жетекшісі Базарбай Төрахметов және мүшелері Талғат Қанатов, Дауренбек Мадинов, Нұрсауле Ембергенова, Нұрсұлтан Жорғабаев қатысты. ауыл тұрғындары өз сұрақтары мен ұсыныстарын ортаға салды, ал коалиция өкілдері әрбір пікірге жауап берді.
Жиында жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары жан-жақты түсіндірілді. Қатысушылар өзгерістердің қоғам өміріне тигізетін ықпалын талқылап, қазіргі кезеңдегі саяси реформалардың маңызын атап өтті. Әсіресе азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заң үстемдігін қамтамасыз ету және мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру мәселелері ерекше назарға алынды.
Жаңа Конституция жобасының басты қағидаты – мемлекет азамат үшін қызмет етуі тиіс. Бұл ұстаным әлеуметтік әділеттілікті күшейтіп, әр адамның өз мүмкіндігін толық іске асыруына мүмкіндік береді. Сонымен қатар құжатта азаматтардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету, тең мүмкіндіктерді арттыру және қоғамдағы әділеттілікті нығайту бағыттары да нақты көрсетілген.
Аққұм ауылының тұрғындары өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, бастаманы қолдайтындарын жеткізді. Ақсақалдар мен белсенді тұрғындар бірлік пен қоғамдық келісімнің маңызын атап өтіп, реформалардың сәтті жүзеге асуын тіледі. Коалиция мүшелері халық пікірі реформалардың басты тірегі екенін айтып, мұндай кездесулер алдағы уақытта да жалғасатынын хабарлады.
#АМАНАТ











