Қазақстандық бүркітші Әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды
Моңғолияның астанасы Ұланбатырда 6-8 наурыз күндері құсбегіліктен II Әлем чемпионаты өтті. Дүбірлі додаға 10 мемлекеттен 30-дан астам құсбегі қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ Абай облысы әкімдігіне сілтеме жасап.Қазақстан құрамасының намысын 3 спортшы қорғады, оның ішінде Абай облысының тумасы, Үржар ауданының бүркітшісі Ерзат Байқадамов жоғары нәтиже көрсетіп, күміс жүлдені иеленді.
Жарыс қорытындысы:
1-орын – Серік Жеңісбек (Моңғолия)
2-орын – Ерзат Байқадамов (Қазақстан)
3-орын – Бүркітхан Хайзым (Моңғолия)
Фото: Абай облысы әкімдігі










