Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Шахматтан әлем чемпионатында қазақстандық пара спортшылар 9 медаль алды

Шахматтан әлем чемпионатында қазақстандық пара спортшылар 9 медаль алды

Kyzylorda-news.kz Үндістанның Гоа қаласында шахматтан 21-30 шілде аралығында өткен әлем чемпионатында қазақстандық пара спортшылар 9 медаль жеңіп алды.

Дүниежүзілік додаға 18 елден 100-ден астам спортшы қатысты. Аталған дода шахматтың классика, блиц және рапид ойын түрлерінен өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша классикалық шахматтан Аяулым Қамбарова, Бақытжан Майкенов және Әлімжан Аяпов қола медаль иеленді. Блиц ойын түрінен Аяулым Қамбарова мен Бақытжан Майкенов күміс, ал Серік Солтанов пен Әлімжан Аяпов қола жүлде иеленді. Ал рапид бойынша Аяулым Қамбарова мен Әлімжан Аяпов екінші орын алды.

Фото: Спорт және дене шынықтыру істері комитеті
02 тамыз 2025 ж. 29 0