Еліміз үшін маңызды күн
–Бүгін референдумға қатысып, өз дауысымды бердім. Ол әр азаматтың қоғам алдындағы жауапкершілігінің бір көрінісі деп білемін. Қандай да мәселеге бейжай қарамай, дауыс беру – қоғам үшін аса маңызды деп ойлаймын. Осындай сәттер азаматтық белсенділіктің мәнін тереңірек сезіндіреді. Себебі, бүгінгі күн еліміз үшін маңызды. Сайлау учаскелерінің дауыс беруге ыңғайлы болу үшін барлық жағдай заң талаптарын сақтай отырып жасалғаны да көңілімізден шықты.
Наурыз мерекесімен тұспа-тұс келген референдум мерекенің негізгі құндылықтарын – жаңару, бірлік және ізгі тілектерді айқындай түскендей.











