Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мен таңдау жасадым

Мен таңдау жасадым

Бүгін еліміз үшін аса маңызды күн. Себебі осы күні Қазақстан Республикасының Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл күй. Дауыс беруге келген адамдарға ыстық ықылас білдіріліп жатыр. Өзім де Қазақстаның құқылы азаматшасы ретінде бүгін сайлауға барып өз дауысымды бердім. Бұл күні әрбір адам бейхам қалмауы керек деп ойлаймын. Себебі еліміз үшін аса маңызды саяси дода. Халық мүддесін көздеп, елге болысатын кандидаттың жеңіске жетуіне өз үлесімізді қосуымыз керек деп ойлаймын. 
Өзім дауыс берген Сексеуіл кентінде орналасқан №40 сайлау учаскесіндегі ахуал тұрақты. Тыныш әрі әділ өтіп жатқандығына сенімдімін. 
Баршаңызды белсенді болып, дауыс беруге шақырамын!
Мейрамкүл Сәрсенбаева 
19 наурыз 2023 ж. 351 0