Сайлау жоғары дайындықпен өтті

Сайлау ауданда жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Дауыс берушілерге дәм ұсынылып, өнерпаздар жырдан шашу шашты. Бұл да осы күннің қандай маңызды екендігін сездіріп тұрғандай. Бұл сайлаудың маңыздылығын әрбір адам сезінуі керек.
Мен де өз жауапкершілігімді сезініп сайлау болатын күнді асыға күттім. Өз таңдауымызды жасау үшін отбасымызбен қаладағы №47 учаскеге барып дауыс бердік.
Аудандағы сайлау тыныш әрі әділ өтті деп сеніммен айта аламын. Онда бақылаушылар болды. Ешкім ешкімнің жұмысына кедергі келтірмей дауыс беруге келушілерге түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатты.
Осындай маңызды шақта аралдықтар да ауызбіршілік танытып, ел ертеңі үшін дауыс беруге ағылды. Бұл да біздің ұлттың ұйыстығын ойлайтын ел екенімізді танытқандай. Міне, бүгін көптің қалауымен сенім жүгін арқалаған Қасым-Жомарт Тоқаев айқын басымдықпен жеңіске жетті. Мен президентіміздің Қазақстанды гүлдендіретініне сенемін.
Г. Кемалқызы"Балдырған" балабақшасының меңгерушісі