Ел ертеңі үшін дауыс бердім

Жалпы Қазақстан Республикасы азаматшасы ретінде еліміздің болашағына дәл менің дауысым қандай да бір үлесін қосса –соның өзі бір зор қуаныш деп ойлаймын. Мен біраз уақыттан бері білім саласында қызмет етіп келемін. Бұған дейін болған бірде-бір сайлаудан қалыс қалмадым. Бүгін де №42 сайлау учаскесіне сайлауға барып, өз таңдауымды жасадым. Дауыс беру – әрбір азаматтың негізгі парызы.
Биыл Үкімет ұстаздар қызметіне ерекше мән беріп, жалақысын арттыруда. Мұның өзі біздің жұмысымызға деген қызығушылығымызды арттырады. Бұл сайлаудың өзіндік ерекшеліктері де бар. Өйткені, сайлау учаскесінде санитарлық талаптар қатаң сақталған. Дауыс берушілер қатары көптеп саналады. Әркез еліміздің ертеңіне сеніммен қарайық!
Айғаным Жансүгірова,
№220 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі