Алғашқы таңдауымды жасадым
Бүгін елімізде саяси науқан басталды. Бүгінгі сайлауда Нұржан Мұратбаев алғаш рет №260 орта мектеп ғимаратында орналасқан №41 сайлау учаскесі арқылы өз таңдауын жасап, дауыс берді.
"Мен еліміздің азаматы ретінде алғаш рет сайлауға қатысып тұрмын. Әсерім ерекше. Шынын айтсам, қатты толқыдым. Бұл менің өмірімдегі туған елімнің келешегіне деген жеке жауапкершілігімді айқындаған сәт болды. Үкімет «Ел болашағы – жастар» деп бізге қолдау көрсетіп, зор сенім артып келеді. Сол сенімді ақтағымыз келеді. Сол жастар легінде екендігімді әрдайым мақтаныш етемін. Еліміздің кемел келешегі жолында еңбек ететін жастар қатарынан табылып, болашағымды өз елімнің ертеңімен байланыстырғым келеді. Сол үшін де сайлауда өз таңдауымды жасадым. Мен ертеңіме сенемін" – дейді алғаш дауыс беруші .
Әділдікті ұран еткен жас мемлекеттің жастарға ұсынар жасампаз жобалары жеткілікті. Соны жүзеге асыру – сіз бен біздің міндетіміз болмақ. Сәттілік жас дос!