Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Сайлауда алғаш рет дауыс беретін елордалықтарға сыйлық табысталады

Сайлауда алғаш рет дауыс беретін елордалықтарға сыйлық табысталады

Алдағы 9 маусымда өтетін президенттік сайлауда алғаш рет дауыс беретін елорданың 18 жастағы тұрғындары естелік сыйлықтарға ие болады, Әкімдіктегілердің мәліметінше, 23 мыңнан аса астаналық ҚР Президенті сайлауына алғаш рет қатысады. Сондай-ақ, 9 маусымда туған күн иелері үшін футболка, кепка, кружка және басқа да көптеген сыйлықтардың тапсырылатыны айтылады. "Әлеуметтік желілердегі сайлауға қатысуға қалалықтарды барынша тарту мақсатында "Ел жүрегі - Нұр-Сұлтан!" атты арнайы имидждік жоба іске қосылды. 9 маусымда Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі қоғамдық көліктерде тегін жол жүруді қамтамасыз етеді", - делінген әкімдіктің хабарламасында.
https://kaz.tengrinews.kz
03 маусым 2019 ж. 751 0