Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аралдықтардың дауыс берудегі белсенділігі жоғары

Аралдықтардың дауыс берудегі белсенділігі жоғары

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы басталды. 90 мыңға жуық халық шоғырланған Арал ауданында да саяси науқанға қатысушылардың белсенділігі жоғары десек болатын шығар. Аудан бойынша 55 сайлау учаскесі белгіленген болса соның ең шалғайы Құланды елді мекенінде екен. Сол секілді шалғай ауылдардан тиісті мәліметтер электронды пошта және телефон арқылы келуде. Бұл жөнінде аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Т.Дәрменов мәлімдеді.
– Аудан бойынша 55 сайлау уческесі бар. Ал Арал қаласы бойынша 15 сайлау учаскесі белгіленген. Сайлау барысы аудандағы 540 байқаушының тікелей назарында. Аудан бойынша 46745 сайлаушы бар болса, сағат 10:00 дегі мәлімет бойынша 17256 адам дауыс берді. Қалған мәліметтер алдағы уақытта толықтырылады. Бұл аудандағы сайлаушылардың 36,92 пайызын құрайды. Халықтың мерекелік көңіл күйі өте жақсы. Өзіміз де сол халықпен бірге болып, өз аумағымыздағы сайлау учаскесіне барып өз таңдауымызды жасадық. Ахуал бір қалыпты, тыныш жағдайда өтіп жатыр. Мұның өзін халықтың сайлауға деген саяси белсенділігінің, саяси мәдениетінің көрінісі деп бағалаймыз, - дейді Т.Дәрменов.
Иә, ел сеніміне лайық азаматтарды іріктейтін бұл сайлауда халықтың адамы топ жарады деген үміттеміз. Оларға артылар сенім зор. Бастысы сөзі өтімді, ойы тұщымды азаматтар ел сенімін ақтаса деген үміттеміз.
А. Бисенов,
тілші
10 қаңтар 2021 ж. 578 0