Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тарихи науқанның маңызы зор

Тарихи науқанның маңызы зор

Еліміздегі әрбір саяси науқанның мен үшін маңызы зор. Әрбір қазақстандық өз таңдауын жасайтын тағы бір тарихи науқан басталды. Бұл жолы ел азаматтары өз партиясы мен сенімді өкілдеріне таңдау жасап, халық үніне құлақ түретін мемлекеттің бағытын айқындайды.
Мен де сол азаматтардың қатарында болып өз таңдауымды жасағалы отырмын. Әрине әрбіріміз үшін еліміздің ертеңі жарқын, келешегі келісті болғаны маңызды. Ал ол үшін сіз бен біздің дауысымыз маңызды.
Әлбетте саяси бәсекелестік пен тарихи маңызы бар науқаннан әртүрлі астар іздеп, алыпқашпа әңгімелер тарайтыны түсінікті. Елімізбен қоса төрткүл дүниенің назары ауатын бұл сайлауда ел сеніміне лайықты партия жеңіске жетеді деген ойдамын. Халықтың да күтері осы деп ойлаймын.

Нұралы Оспанов
Арал ауданының құрметті азаматы,
Білім саласының ардагері

10 қаңтар 2021 ж. 496 0