Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АЛДАҒЫ САЙЛАУ – ТЫҢ ӨЗГЕРІСТЕР КЕЗЕҢІ БОЛМАҚ 

АЛДАҒЫ САЙЛАУ – ТЫҢ ӨЗГЕРІСТЕР КЕЗЕҢІ БОЛМАҚ 

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев кезекті парламент сайлауын өткізу туралы жарлыққа қол қойып, өз үндеуін жолдады. Үндеуде Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауы 2021 жылдың 10 қаңтарда өтеді деп белгіленді.
Президентіміз өз үндеуінде жаңа сайлау науқанына дейін саяси жаңғыру, көппартиялықты дамыту және еліміздің қоғамдық-саяси өміріне азаматтардың қатысу аясын кеңейту жөнінде шаралар қабылданғандығын атап өтті. Парламент бұған қажетті заңдарды қабылдап, алдағы сайлау толығымен қолданыстағы заңнамаға сәйкес өтетіндігін жеткізді. Атап айтқанда, алдағы сайлауда партиялық тізімге әйелдер мен жастар тартылатындығы айтылды.
Осы орайда алдағы науқан қоғамдық диалогқа, әріптестікке және еліміздегі көппартиялы демократияның дамуына жағдай жасайды деп сенемін.
Еліміз бұған дейін де талай аса маңызды тарихи сындарлы сәттерде бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара білді. Халқымыз осы жолы да елімізді жан-жақты жаңғырту, өркендету бағытындағы жаңа тарихи миссияны лайықты атқарып шығады деп есептеймін.

ШОРАЕВ НАУРЫЗБАЙ
"Көктем" шаруа қожалығының төрағасы

21 қазан 2020 ж. 784 0