Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ресейлік БАҚ: Қазақстанда парламент сайлауы наурызда өтеді

Ресейлік БАҚ: Қазақстанда парламент сайлауы наурызда өтеді

Ресейлік БАҚ Қазақстанда парламент сайлауы 2020 жылдың наурыз айында болатынын хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Россия-24 федералды мемлекеттік телеарнасында осы жылы әлемде болатын сайлаулар туралы анонс шықты. Видео аталмыш БАҚ-тың Youtube желісіндегі ресми арнасына 10 қаңтарда жарияланған.
Материалда 2020 жылы Боливия (наурыз), АҚШ (3 қараша), Белоруссия (уақыты белгіленбеген), Тәжікстанда (уақыты белгіленбеген) президент сайлауы өтеді.
Маңызды парламент сайлаулары Әзірбайжан (ақпан), Иран (ақпан), Қазақстан (наурыз), Тәжікстан (наурыз), Қырғызстан (қазан), АҚШ (қараша), Венесуэла (желтоқсан) елдерінде болады.
Еуропадағы парламент сайлаулары Словакия (ақпан), Кипр (мамыр), Сербия (сәуір), Солтүстік Македония (сәуір), Литва (қазан), Черногория (қазан), Грузия (қазан) секілді мемлекеттерде өтеді.
"Россия-24 не қателесті, не шыныменде бір нәрсені біледі", - деп өзінің Telegram арнасында саясаттанушы Ғазиз Әбішев аталмыш жаңалыққа пікір білдірген.Айта кетсек, Қазақстанда соңғы парламент сайлауы 2016 жылдың 20 наурызында өткен. Еліміздің Конституциясын сәйкес, мәжіліс депутаттарының өкілеттілігі бес жыл. Заңға сәйкес, келесі сайлау 2021 жылдың наурызында өтуі тиіс.
Еске сала кетсек, 20 қарашада Қазақстанда сайлау және республикадағы саяси партияларға қатысты мәселелерді қайта қарау үшін референдум өткізу туралы ұсыныс жасалған. Алайда Орталық сайлау комиссиясының бұл ұсынысты қабылдамаған.
15 қаңтар 2020 ж. 902 0