Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Саяси доданың маңызы зор

Саяси доданың маңызы зор


Жақында еліміз бойынша партиялық іріктеуге негізделген праймериз өткен еді. Оған еліміздің әр аймағынан үміткерлер қатысып, халық сенім артқан кандидаттар саяси додада жоғары көрсеткішке жеткенін ел жақсы біледі. Олардың дені жастар болатын. Енді міне, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы, Парламенті Мәжілісі және Мәслихат депутаттары сайлауын тағайындау туралы үндеу жасаған болатын.
– Алдағы сайлау еліміздің саяси жүйесін жаңартуды қамтамасыз ететін саяси институттарды дәйекті түрде демократияландыруға және жаңғыртуға Қазақстанның аса ықыласты екенін тағы да бір дәлелдейтін болады. Біздің ортақ миссиямыз – Қазақстанды өркендету, азаматтарымыздың игілігі үшін қызмет ету. Қазақстан халқы аса маңызды тарихи сындарлы сәттерде бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара білді. Халқымыз осы жолы да елімізді жан-жақты жаңғырту бағытындағы жаңа тарихи миссиясын лайықты атқарады деп сенемін. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында еліміз кемелдене түсіп, дамудың жаңа кезеңіне шығатынымыз анық. Мемлекетіміздің барлық азаматтарын белсенді азаматтық ұстанымын танытуға, Парламент Мәжілісінің және мәслихаттардың алдағы сайлауына ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын, – деген еді Мемлекет басшысы.
Келер жылдың басына белгіленген саяси науқанға дейін саяси жаңғыру, көппартиялықты дамыту және еліміздің қоғамдық-саяси өміріне азаматтардың қатысу аясын кеңейту жөнінде шаралар қабылданатыны да үндеуде айтылды. Алда болатын сайлау сонысымен ерекшеленбек. Бастысы праймериз арқылы іріктелген кандидаттардың айы оңынан туып, өкілетті билікке келіп жатса халық үніне құлақ түріп, ашықтық пен жариялылықты қолдайды деген үміттеміз.
Раушан Бисенбиева,
№260 орта мектеп кітапханашысы.
21 қазан 2020 ж. 720 0