Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Арал ауданы әкімі өз таңдауын жасады

Арал ауданы әкімі өз таңдауын жасады

Бүгінгі тарихи маңызды күнде аудан әкімі Серік Сермағамбетов қаладағы «Қарлығаш» балабақшасы ғимаратында орналасқан № 53 сайлау учаскесіне барып дауыс берді. – Бүгін еліміз үшін жауапты күн. Еліміздің Президентін сайлау біздің ертеңгі күнімізді, болшағымызды айқындайтын маңызды оқиға. Сондықтан да аудан тұрғындары өздерінің құқықтарын пайдалана отырып, еліміздің жарқын келешегі жолында ауызбірлік танытып, белсенді түрде дауыс беруде,- деп саяси науқан жөнінде пікір білдірді.
Айта кетейік, Арал ауданында 55 сайлау учаскесі жұмыс жасауда. Барлығы 45 837 дауыс беруші тіркелген. Айтулы күні аудан тұрғындары да болашақ үшін таңдау жасап, бірлесе күш жұмсап келеді.

"Толқын" ақпарат
20 қараша 2022 ж. 685 0