Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін еліміз үшін тарихи күн

Бүгін еліміз үшін тарихи күн

Сағат таңғы 07:02-де есігін айқара ашқан №30 референдум учаскесінде ең алғашқы болып Табынбаев Бағлан маңызды саяси науқанға қатысып, азаматтық белсенділіктің үлгісін көрсетті. 
Мұндай маңызды ұлттық мәселелер бойынша өз пікіріңді білдіру – әр азаматтың парызы. Референдум еліміздің дамуы мен болашағына қатысты маңызды шешім қабылдауға мүмкіндік береді, – де Б. Табынбаев.
Сонымен бірге осындай маңызды зор науқанға қатысу мүмкіндігі жасалғанын жоғары бағалап, референдумға қатысу әрбір азаматтың азаматтық жауапкершілігінің көрінісі екенін атап өтті. 
15 наурыз 2026 ж. 53 0