Тарихи таңдаудан тыс қалмадық
Бүгін – тарихи күн. Ел болып күткен референдум өтуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ата Заңдағы өз¬герістерді бүкіл халықтың талқы¬сына шығаруы – ел болып қолдауға лайықты іс болды. Бұл әрбір азаматтың мерейін өсіріп, рухын көтерді.
Референдум арқылы Қазақстанның кәмелеттік жасқа толған әрбір азаматы өзінің дауыс беру құқын толыққанды қолданады.Дауыс беріп, елдегі өзгерістерге өзіндік ұстанымын көрсету азаматтарымызға орасан зор жауапкершілік те жүктейді. Сол себепті бүгін учаскелерге келген еліміздің әрбір тұрғыны, саналы түрде өз таңдауын жасады деп білемін.
Аралық деректерден көріп отырғанымыздай, бүгінде қазақстандықтар ел үшін маңызды шешім қабылдауда жоғары алқалылық пен ауызбіршілікті көрсетуде. Осылайша, республикалық референдум қоғамдық келісімге қол жеткізу мақсатында саяси шешім қабылдаудың жаңа ережелерін қалыптастырудың негізін қалайды.
Саяси шара халық билігін жүзеге асырудың төте жолы. Әрі әлемде қазіргідей геосаяси жағдай әлсіреп тұрғанда бұндай шара халық бірлігін арттыра түсетін демократиялық үрдіс екенінде дау жоқ. Демек, бүгін әр тұрғын өзінің азаматтық құқығын пайдаланып, таңдау жасауы ел болашағы үшін маңызды.
ҚАНАТОВ ТАЛҒАТ
«AMANAT» партиясы Арал аудандық филиалының атқарушы хатшысы