Референдум – демократияның маңызды институты

Штаб жетекшісінің айтуынша, бұл түзетулер саяси жүйені қайта құру үшін көптен күткен шараларды қамтып, қоғамның мемлекетпен өзара іс-қимылы форматтарын жаңартуға деген сұранысын көрсетеді.
«Біз – Қазақстанның азаматтық қоғамының белсенді өкілдері, референдумды қоғамдық қолдаудың республикалық штабына топтастық. Штабымыз құрылды, себебі біз ұсынылған конституциялық өзгерістердің бағыттарын толық қолдаймыз. Сондай-ақ, Қазақстанның әрбір азаматы Конституцияға өзгерістер енгізу қажеттігі туралы өз пікірін білдіруге құқылы екеніне нық сенімдіміз. Сондықтан да біз Мемлекет басшысының Конституцияға ұсынылатын түзетулерді референдум шеңберінде бүкілхалықтық дауыс беруге шығару туралы шешімін қолдаймыз»,
қазақстандықтарды белсенді азаматтық ұстаным танытып, республикалық референдумда дауыс беруге қатысуға шақырды.

