Көптен күткен жаңалық

– 27 жыл бұрын өткізілген референдумда қазіргі Ата Заң қабылданды. Одан кейінгі барлық конституциялық реформа Парламентте мақұлданды. Негізінде, бұл заңды қалыптасқан тәжірибе. Бірақ дамудың жаңа кезеңінде, Жаңа Қазақстанды құру жолында еліміз үшін осындай аса маңызды шешімдерді бүкіл халық болып қабылдауымыз керек. Бұған кәміл сенемін. Сондықтан бүгін мен Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін 5 маусымда республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойдым, – деді Қ.К.Тоқаев Қазақстан халқына жасаған бейнеүндеуінде.
Саяси сындарлы диалог пен экономикалық маңызды реформалар қоғамдық гүлдену мен мемлекеттің ертеңіне үлкен үміт ұялатады. Сондықтан да бұл саяси қадамның Жаңа Қазақстан құруды көздеген еліміз үшін маңызы зор деп білемін.
Әділхан ТАНЫМБЕТОВ,
Арал қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы