Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Кірістер департаментінде «Open Space» форматында қоғамдық қабылдау орталығы ашылды

Кірістер департаментінде «Open Space» форматында қоғамдық қабылдау орталығы ашылды

Мемлекет басшысының жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру, азаматтардың барлық сындарлы сауалдарының жедел және тиімді әрекет етуге мүмкіндік береді деп атап өткен. Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату арқылы ғана үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады.
Халыққа одан әрі жақын болып, тығыз байланысқа түсу үшін Сыр өңіріндегі «Ақмешіт – адалдық алаңы» жобасы аясында департаментте «Open Space» жобасы іске асырылып, Қызылорда облысы бойынша  кірістер департаментінің кіре-берісіне «Open Space» форматында қоғамдық қабылдау орталығы салынып, 2021 жылдың ақпан айында ашылды.
Яғни, «Open Space» форматында қоғамдық қабылдау орталығы әйнектелген ашық кеңістікте жұмыс жасауы қоғам алдында мемлекеттік қызметтің ашықтығын көрсетеді және халық пен биліктің байланысын нығайтуға мүмкіндік береді, шыны терезеден жасалған кабинетте жеке азаматтарды қабылдап, халықтың мәселелерін тыңдау, тұрмыстық жемқорлықты жою және кең ауқымды қоғамдық бақылауды қамтамасыз етуге септігін тигізеді. Жұмыстың жақсартылған форматы келушілерге мейлінше қолайлы жағдайлар жасауға бағытталып отыр.
2021 жылдың 12 айында 16 333, айына 1 484, күніне орта есеппен 74 азаматтарды қабылдап, кеңес беруде және қазіргі таңға 17 306, айына 1 442, күніне орта есеппен 72 азаматтарды қабылдап, кеңес беруде.
Осы негізде, департамент және Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері күнделікті кезекшілікке түсіп, азаматтарды қабылдауда.
Сонымен қатар, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары О.А.Бектенов пен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Қ.О.Қожахметов департаменттің кіре-беріс бөлігінде орналасқан «Қабылдау орталығы» жұмысымен танысты.

kyzylorda-news.kz
17 ақпан 2022 ж. 566 0