Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Парламент пәрмені күшейе түспек

Парламент пәрмені күшейе түспек

Кеше Мемлекет басшысы ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдау жасады. Еліміздегі саяси және әлеуметтік реформаларға басымдық беретін осынау маңызды құжатта түрлі салаларға қатысты оң өзгерістердің болатыны байқалды. Бастысы елімізде тек қағаз жүзінде іске асатын бастамалардың дәуірі келмеске кетеді. «Өйтеміз, бүйтеміз» деп көпіре сөйлейтін шенділердің енді ойланатын кезі келді. Әсіресе халық қалаулылары. Демек халық сенімінен шыға алмаған шенеуліктердің құзіреті кері қайтарылатын болады. Мұндайда бөспе сөз бен жалған есептің де жолы кесіледі. Яғни, билік шын мәнінде халық үніне құлақ түреді. Бұл жөнінде Президент:
– Біз бұл өзгерістерді жұртқа жақсы көріну үшін жасамаймыз. Құлаққа жағымды, бірақ орындалуы екіталай, күмәнді көрсеткіштерге алданбаймыз.Қағаз бетінде ғана жүзеге асырылған, бірақ шындыққа еш жанаспайтын жалған табыстарға масаттанып отыратын заман келмеске кетті. Халыққа көпірме сөз, бос уәде емес, көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын оң өзгерістер керек, – деді.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Жолдауда енді алдымызда Парламенттің қоғамдағы рөлін күшейту міндеті тұрғанын атап өтті. Шын мәнінде бұл әлемдік тәжірибе. Мемлекеттік биліктің барлығын бір адам өз құзіретінде басқару жүесі енді болмайды деп сенеміз. Өйткені Президент өзінің құзірет шеңберін біршама қызқартып, Парламенттік жүйенің маңызыдылығы мен мәртебесін арттырмақ.
– Алдымызда Парламенттің рөлін күшейту міндеті тұр. Бұл «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын табысты жүзеге асыруға жол ашады. Біз болашақта қандай ел болатынымызды нақты білеміз. Жаңа Қазақстанды азаматтық қоғамы қалыптасқан тиімді мемлекетке айналдырамыз. Осыған орай «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидатын басшылыққа аламыз, - деді бұл жайында Мемлекет басшысы.
Ә. ӘЙІМБЕТОВ,
аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы
17 наурыз 2022 ж. 616 0