Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТКІЗІЛДІ

АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТКІЗІЛДІ

Бүгін "Nur Otan" партиясы Арал аудандық филиалы ғимаратында аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың қатысуымен «Ашық есік күні» өткізілді.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында ұйымдастырылған шараға «Нұр отан» партиясы Арал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудан әкімінің орынбасарлары, жергілікті атқарушы органдар мен тиісті мекеме басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.
Аудан әкімдігінің қоғамдық қабылдауына аудан тұрғындары түрлі мәселелерді арқалап келді. Билік пен қоғам арасында өткен ашық диалог барысында жер, тұрғын үй, жұмыссыздық және кәсіп ашу бағытындағы мәселелер айтылды. Сонымен қатар, қабылдау барысында тұрғындардың сұранысына сәйкес онамастика, яғни, көше атауын беру мәселесі де талданды.
Жалпы үш сағатқа созылған қабылдауда аудан басшысы 18 тұрғынның өтініштерін тыңдап, әрбір өтініш иесінің мәселесіне заң аясында түсініктеме бере отырып, жауапты мекеме басшыларына шешу жолдарын қарастыру бағытында тапсырма берді.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.
30 қаңтар 2020 ж. 914 0