АУДАН ӘКІМІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Қабылдауға келген азаматтардың негізгі жүгінген мәселесі жұмысқа орналасу болды. Сонымен қатар, тұрғындар жер, баспана алу, тұрғын үй, газ мәселесі бойынша және әлеуметтік көмек алу мәселелері бойынша жүгінді. Тұрғындардың өтiнiштерiн мұқият тыңдаған аудан басшысы олардың тарапынан айтылған мәселелердiң заңдылығына сәйкес, оңтайлы шешiмiн табуы үшiн тиiстi жұмыстар жүргізілетіндігін жеткізді. Тұрғындар мәселесіне қатысты сала басшыларына тапсырмалар жүктеді.