ӘКІМДІК ЖӘНЕ АППАРАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

Аталған мәселелер жөнінде аудан әкімінің орынбасары Р. Өтешов баяндама жасады. Баяндамадан соң аудан басшысы жұмыс барысында орын алған олқылықтарды айта келе алдағы уақытта атқарылатан жұмыстарға байланысты тапсырмалар берді.
Жиын әрі қарай аппарат мәжілісімен жалғасып, күн тәртібінде 4 мәселе қаралды.
Ауданда жаппай кәсіпкерлікті дамыту мәселелері, Аудандағы салық базасының орындалуы, 2018 жылдың І жартыжылдығында автомобиль жолдары мен абаттандыру жұмыстарының жүзеге асырылуы мен алдағы жоспарлар және 2019 жылғы халық санағына дайындық жұмыстары туралы тиісті бөлім басшылары хабарлама жасады.
Жиын барысында күн тәртібіне қойылған мәселелер кеңінен талқыланды. Аудан әкімі тиісті сала басшыларына тапсырмалар жүктеді.