КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

Күн тәртібіндегі кезекті мәселе бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросының Қызылорда облысы бойынша ауданаралық басқармасының басшысы С.Кенжебеков заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнінде ұсыныстарын жеткізді.
Сонымен қатар, аудан көлемінде мемлекеттік ғимараттарды жалға беру және пайдалану тәртібін түсіндіру туралы аудандық қаржы бөлімінің басшысы К.Қыздарбеков баяндама жасады
Баяндамашыларды мұқият тыңдаған комиссия мүшелері көтерілген мәселелерді кеңінен талқылап, сауалдарын қойды. Аудан басшысы күн тәртібіне қойылған мәселелер бойынша қала,кент, ауылдық округ әкімдеріне және бөлім басшыларына алдағы уақытта талап пен бақылау күшейетіндігін жеткізіп, тапсырмалар жүктеді.