Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БЮРОСЫ ӨКІЛДЕРІНІҢ АРНАЙЫ ОТЫРЫС ӨТТІ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БЮРОСЫ ӨКІЛДЕРІНІҢ АРНАЙЫ ОТЫРЫС ӨТТІ

Күні кеше аудан әкімдігінің мәжіліс залында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қызылорда облысы бойынша ауданаралық басқармасымен бірлесіп,ауданда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және орын алған заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды талқылау жөнінде арнайы отырс өткізілді. Осы орайда, ауданға іс-сапармен келген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті батыс аймағы бойынша ауданаралық басқармасының басшысы Сәруар Кенжебеков және басқарманың аса маңызды істері жөніндегі офицері Әнуар Баймаханов арнайы қатысты. Сонымен қатар, арнайы отырысқа комиссия мүшелері, дербес бөлім басшылары, қала, кент, ауылдық округ әкімдері мен мамандары, мектеп директорлары, балабақша меңгерушілері, ветеринария саласы ұйымының қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатыстырылды. 
Жиында төрағалық еткен аудан әкімі М.Оразбаев ең алдымен осы мәселеге орай аудан әкімдігі тарапынан атқарылған жұмыстар легін баяндап өтті. 
Атап айтқанда, бұған дейін аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі түрлі деңгейдегі отырыстарда барлық мемлекеттік мекеме басшыларына сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол бермеу, алдын алу, сондай-ақ бұл бағыттағы жұмыстарды күшейту, тиісті шараларды қолдану туралы қатаң тапсырмалар беріліп келеді. Дегенмен, жыл басында ауданда бірқатар қызметкерлер осы жемқорлық кеселіне бой алдырып, кінәлары дәлелденіп, соттың айыптау үкімдері шығарылған. Бұдан өзге, қазіргі таңда өкінішке орай, жергілікті басқару органдарында да сыбайлас жемқорлық фактілері орын алып, қылмыстық іс қозғалып, қылмыстық іс сотқа жолданған. 
Осы орайда, аталған заң бұзушылықтарға қатысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті батыс аймағы бойынша ауданаралық басқармасының аса маңызды істері жөніндегі офицері Ә. Баймаханов хабарлама жасап, ауданда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және орын алған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою туралы шаралары бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндап өтті. Сонымен бірге, аудандық ветеринария бөлімінің басшысы А.Мусаев пен аудандық ауылшаруашылығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы М.Сәдуақасовтар өз саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының атқарылу барысы турасында қосымша хабарлама жасады.
Қосымша хабарламашыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері бірқатар сауалдар қойып, алдағы уақытта аталған мәселелердің алдын алу бағытында нақты ұсыныс беру жөнінде тапсырмалар жүктеді.
Сонымен қатар, отырысты қорытынды сөзін алған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті батыс аймағы бойынша ауданаралық басқармасының басшысы С.Кенжебеков өз тәжірибесінде орын алған құқық бұзушылықтар мен қылмыстық істерге талдама жасап, сыбайлас жемқорлыққа итермелейтін факторларды атап өтіп, қоғамның әрбір мүшесі, әрбір мемлекет қызметшісі бұл кеселмен күресу керектігін баса айтты. Расында, бүгінгі атқарылып жатқан әрбір оңды істер ертеңгі ұрпақ болашағының кепілі екені сөзсіз.
24 мамыр 2018 ж. 1 985 0