АУДАН ӘКІМІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Қабылдауға келгендердің дені жұмыссыздық мәселесін алға тартса, бірқатар тұрғындар жер, үй және әлеуметтік мәселесімен жүгінді. Қабылдау барысында аудан әкімі әрбір тұрғынның мәселесін тыңдап, заңдылыққа сәйкес түсініктеме берді.
Сонымен қатар, жұмыс сұраушыларға бүгінгі таңда аудан бойынша бос жұмыс орындарын ұсына отырып, мәселесін шешу үшін тиісті бөлім басшыларына тапсырмалар жүктеді. Аудан басшысы тұрғындар тарапынан айтылған мәселелердің барлығы бақылауында болтындығын жеткізді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі