Аудан әкімі тұрғындарды қабылдады

Қабылдауға келген 11 тұрғын өз мәселелері бойынша жүгінді. Атап айтқанда, 1 тұрғын құқықтық мәселе бойынша кеңес сұраса, 6 тұрғын жұмыссыздық, 3 тұрғын жер, 1 адам тұрғын үй мәселесін шешіп беруді сұрады.
Қабылдау барысында жұмыссыздық мәселесімен жүгінген 3 тұрғынға бос жұмыс орындары ұсынылып, жолдама арқылы жұмысқа орналасатын болды.
Аудан басшысы әр тұрғынның өтінішіне жіті мән бере отырып, заң аясында түсіндірме берді. Тұрғындар тарапынан айтылған сауалдар мен өтініштер бойынша тиісті сала басшыларына арнайы тапсырмалар жүктеп, бақылауға алатындығын жеткізді.