АРАЛ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЫ ӨТТІ

Қабылдау барысында тұрғындар өздерінің өзекті мәселелерін алға тартты. Атап айтқанда, өтініш білдіріп келушілердің басым көпшілігі жұмыссыздық мәселесімен келгендер. Мұнан өзге, аудан тұрғындары жер, үй алу, атаулы әлеуметтік көмекке қатысты мәселелерді де ортаға салды.
Тиісінше аудан басшысы әр тұрғынның өтінішіне жекелей тоқталып, заң аясында түсіндірме берді. Сонымен қатар, мәселелердің шешілу жолдарын қарастыру жөнінде тиісті сала басшыларына тапсырмалар жүктеп, бақылауға алатындығын жеткізді.