Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Нұр Отан" партиясы аудандық филиялының кезектен тыс XXVI конференциясы өтті

"Нұр Отан" партиясы аудандық филиялының кезектен тыс XXVI конференциясы өтті

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының кезектен тыс XXVІ конференциясы өткізілді. Конференцияны «Нұр Отан» партиясы Арал аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі М. Оразбаев жүргізді. «Нұр Отан» партиясы Арал аудандық филиалының кезектен тыс XXVІ конференциясына ауданның 33 бастауыш партия ұйымдарынан сайланған 165 делегаттың 114-і қатысты. Қалған делегаттар ауа-райына, жердің шалғайлығына байланысты қатыса алмады. Аталған конференцияда «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығы» жасампаздық және әлеуметтік даму кезеңі туралы «Нұр Отан» партиясының Арал аудандық филиалы депутаттық фракциясының жетекшісі Базарбай Төрахметов хабарлама жасады. Бұл жөнінде Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Конференцияың күн тәртібінде мұнан өзге - ҚР Президентінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауын ауданда іске асыру барысы туралы сөз болды. Бұл жөнінде «Нұр Отан» партиясының мүшесі, аудан әкімінің орынбасары Рүстем Өтешов баяндады.
Содан соң, «Нұр Отан» партиясы Арал аудандық филиалы Саяси кеңесі Бюросының мүшесі, аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Ізбасаров Әлібек Мырзаханұлы «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі Бағдарламасы жобасының негізгі ережелерін талқылау туралы айтып өтті.
Баяндамашылармен қатар қозғалған мәселелер жөнінде жарыс сөзге жазылғандар да өз пікірлерін білдірді.
Күн тәртібіндегі мәселелер толық қаралып, конференцияның барлық шешімдері ашық дауыс беру арқылы бекітілді.
Жиынға «Нұр Отан» партиясы Арал аудандық филиалы Саяси кеңесінің мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері, облыстық және аудандық мәслихат депутаттары мен мекеме, кәсіпорын, бөлім басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, партия ардагерлері мен белсенділері, «Жас Отан» жастар қанатының және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
06 ақпан 2019 ж. 1 463 0