АУДАН ӘКІМІНІҢ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЫ ӨТТІ

Қабылдауға келген азаматтардың негізінен жүгінген мәселесі жоғары және арнаулы орта оқу орнын бітірген жастардың жұмысқа орналасуы болды. Сондай-ақ, жер, тұрғын үй алу, ономастика мәселелерімен келген тұрғындар ұсыныстарын ортаға салды.
Қабылдауға келген тұрғындардың өтiнiштерiн мұқият тыңдаған аудан басшысы олардың тарапынан айтылған мәселелер бақылауында болатындығын айтып, оңтайлы шешiмiн табуы үшiн тиiстi сала басшыларына тапсырмалар жүктеді. Жұмысқа орналасу мәселесі бойынша бос жұмыс орындары болған жағдайда заңдылығына сәйкес, тиісті жұмыстар жүргізілетінін жеткізді.