Референдум – еліміздің болашағын айқындаушы

Конституциялық реформа бүкіл мемлекеттік үлгінің кешенді өзгеруіне бағытталған. Бұл – мемлекет басшысы қабылдаған саяси мәні бар маңызды шешім. Референдум өз уақытында қабылданды. Мемлекеттік Тілге басты басымдылық, ұлттық қауіпсіздіктің қорғалуына назар аударып, ұлттық өркениеттің Жаңа Қазақстанның ел сенімінен шығатын Заң болады деп сенеміз.
Алдағы референдум еліміздің болашағын айқындамақ. Баршаңызды болашағымыз үшін негізделген тарихи бетбұрысқа бастайтын маңызды шараға белсене қатысып, үлес қосуға шақырамын.
Достықкүл ӘБДІХАЛЫҚОВА,
№83 орта мектебінің ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары