Ата Заң – алтын тұғырымыз

Жалпы, референдум өткізу маңызды қадамдардың бірі болмақ. Соңғы рет 1995 жылы 30 тамызда өтсе, екінші талқылау 2022 жылдың 5 маусымда өтеді. Бұл референдумда "суперпрезиденттік" басқару үлгісінен ықпалды Парламент, есеп беретін Үкімет формасындағы президенттік республикаға көшуге бағыт алады екен.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ата заң баптарының үштен бірі өзгереді. Ашығын айтсақ, Конституциямыз мүлде жаңа сипатқа ие болады. Сол себепті, мен республикалық референдум өткізу туралы бастама көтердім. Өйткені мұндай ауқымды өзгеріс бүкіл халықтың шешімімен жүзеге асырылуға тиіс» деген болатын өзінің халыққа жолдаған бейнеүндеуінде.
Жаңа Қазақстан тек жақсы жаңалықтарға толы боларына сеніміміз мол. Күшіміз бірлікте екенін ескере отырып, Конституцияға енетін саяси өзгерістер ел деңгейін біршама көтерері сөзсіз. Алдағы талқылау қазақ халқының берекесін арттырып, жоғарғы билікке деген сенімін ақтайды деген үміттеміз.
О. ЖОЛДАСОВ