Әділет министрлігі: Астананың атауы Конституция талаптарына сай өзгертілді Әділет министрлігі Астана атауының өзгертілуіне қатысты жауап қайтарды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Министрлік мәліметінше, Қазақстанның елордасы Астана. Бұл Конституциясының екінші бабында анық көрсетілген. Конституцияға түзетулерді парламент ата заңның 53-ші бабы негізінде енгізге алады. Бұл процес ел Президентінің Парламент палаталарының бірлескен отырысында жүзеге асырылады.Алайда Конституцияда халық сайлаған Президенттің мерзімінен бұрын өкілеттігін тоқтатқаннан кейін, осы өкілеттікті қабылдаған тұлғаның Конституцияға өзгеріс енгізуге құқы жоқ екендігі 48 бапта айтылған.Дегенмен, Конституцияға түзетулерді республикалық референдумда енгізуге болатыны 91 бапта қарастырылған.Референдум өткізу туралы ұсынысты парламент немесе үкімет енгізеді. Референдумды өткізу немесе өткізбеу туралы шешімді президент қабылдайды.Бірақ президент парламенттің қарауына енгізетін болса, Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобасы республикалық референдумға шығарылмайды.Бұл жағдайда парламент шешімі Конституцияның алдында айтылған 53-ші бабтың талаптарына сәйкес қабылданады.Астананың атауын өзгертуге қатысты Конституцияға енгізілетін түзетулер осы аталған процедураға сай жүзеге асырылды. Яғни, бұл Конституциясының талаптарына сай.kaz.nur.kz Жаңалықтар 22 наурыз 2019 ж. 1 257 0