Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жалпыхалықтық референдумның маңыздылығы түсіндірілуде

Жалпыхалықтық референдумның маңыздылығы түсіндірілуде

Бүгін аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі мекемесінде қоғаммен байланыс жөніндегі штаб құрамының мүшесі Ә. Танымбетов мекеме қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Жиын барысында елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформалар мен жалпыхалықтық референдум өткізудің маңыздылығын түсіндірді.
- Әр дауыстың маңызы бар. Конституцияға референдум арқылы 1995 жылдан бері өзгеріс енгізілген жоқ. Сондықтан Мемлекет басшысы осындай ұсыныс жасады. Енді біздің еліміздің әрбір тұрғыны қатысып, өз ұстанымын білдіруі керек. Дауыс беру қорытындысы негізінде Парламенттің алдында конституциялық заңдарды қабылдау бойынша ауқымды жұмыс тұр,- деп, жиынға қатысушыларды бүкілхалықтық дауыс беру арқылы Жаңа Қазақстанның Ата Заңын өзгертуге бірге атсалысуға шақырды.
Ұжым қызметкерлері референдум өткізілетін күні бірауыздан қолдау білдіретіндерін жеткізді.

18 мамыр 2022 ж. 550 0