Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Референдумды қолдауға бағытталған қоғамдық штаб өз жұмысын бастады

Референдумды қолдауға бағытталған қоғамдық штаб өз жұмысын бастады

Еліміздің Ата заңына түзетулер топтамасы референдум өткізу туралы Президенттің Жарлығы шықты. Осыған орай, барлық өңірлерде осы тарихи бастаманы қолдауға бағытталған штабтар құрылуда. Референдумды қолдаудың республикалық штаб құрамына азаматтық қоғамының белсенді өкілдері, ғалымдар, заңгерлер мен журналистер, жастар, ардагерлер қауымдастығы мен этномәдени орталықтардың жетекшілері, т.б. азаматтар топтасқан.
Қызылорда облысында да осындай құрамда жасақтанлған өңірлік қоғамдық штаб құрылды. Аталған штаб мүшелері бүгін түске дейін арнайы бас қосып, алғашқы отырысын өткізді. Облыстық қоғамдық штаб мүшелерінің таңдауымен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің проректоры, қоғам белсендісі Жандос Нұртайұлы Базартай штаб төрағасы болып бекітілді. Кездесу барысында түрлі сала мамандарынан құрылған топ мүшелері мемлекетіміз үшін тарихи маңызы бар саяси науқан кезінде азаматтық белсенділік танытып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге, референдумды лайықты өткізуге атсалысуға дайын екендіктерін жеткізді.
Мұнан соң, түстен кейін штаб төрағасы Ж.Базартай БАҚ өкілдерін жинап, штабтың құрылғандығы жөнінде ресми хабарлады және негізгі міндеттері мен мақсаттарын, алдағы жоспарларымен бөлісті.
Айта кету керек, штаб референдум кезінде қазақстандық қоғамдастықты топтастыру үшін жұмыс істейтін болады. Енгізілетін түзетулер саяси жүйені қайта құру үшін көптен күткен шараларды қамтиды.
«Конституциялық реформа әртүрлі қоғамдық күштердің, сарапшылар мен азаматтық белсенділердің бастамаларына және жалпы халықтың ұсыныстарына негізделген. Сондықтан да біз Мемлекет басшысының Конституцияға ұсынылатын түзетулерді референдум шеңберінде бүкілхалықтық дауыс беруге шығару туралы шешімін қолдаймыз. Бұл азаматтардың болашаққа және әділ қоғамға деген сенімін ақтайтын, арттыратын дұрыс қадам. Референдумның нәтижелері халықтың еркі мен оның ел болашағын түсінуінің айқын дәлелі болмақ. Біз күш-жігерімізді біріктіріп, азаматттық қоғам өкілдері ретінде белсенділік танытып республикалық референдумды лайықты ұйымдастыру және өткізуге жәрдем көрсетеміз», - деді, облыстық қоғамдық штабтың төрағасы Жандос Базартай.

kyzylorda-news.kz
06 мамыр 2022 ж. 705 0