Қызылордада байқаушылармен жұмыс жөніндегі штаб құрылды

Штаб төрағасы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында демократиялық сайлау процесінде бақылаушылардың болуы маңызды екенін айтып, штабтың дайындығы мен жоспарына тоқталды.
«Бақылаушылар 376 сайлау учаскелерінде сайлау туралы заңнамаға сәйкес өз миссияларын жүргізетін болады. Біз дауыс беру күні бір мезетте бірнеше сайлау учаскелерінде сайлау процесінің заңдылығын қадағалайтын 100 мобильді бақылаушыларды дайындадық. Байқаушылар алдын ала оқыту тренингтерінен өтті. Тренингтер жалпыға бірдей қабылданған халықаралық бақылау стандарттарына сәйкес ұйымдастырылды. Сайлау алдындағы кезеңде және дауыс беру күнінде бақылаушылардың қызметін үйлестіру үшін штаб құрылды. Бақылаушылар саяси науқанға сақадай сай болса, сайлау процесінде ашықтық болатыны айқын» – дейді Жандос Тұсмағамбетов.

Айта кетейік, штаб төрағасы 5-10 желтоқсан аралығында Қызылорда қаласы мен аудандардағы қоғамдық байқаушыларға құқықтары мен міндеттерін егжей-тегжейлі түсіндіретін семинар-тренинг ұйымдастырды.
kyzylorda-news.kz