Сайлаудың әділ өтуі байқаушыларға байланысты

– Байқаушылардың бірі – Германия елінен келген Инго Бютнер және Ресей Федерациясынан келген Андрей Оствальд. Екі азамат та – ЕҚЫҰ құрамындағы елдерде өткен сайлау барысына байқаушы ретінде қатысқан сарапшылар. Кездесуде штаб жұмысы таныстырылып, өзара пікір алмасуға мүмкіндік болды. Бұдан бөлек, өңірдегі байқаушылар арнайы оқытуларға қатысқанын да айту керек, оның ішінде 100 мобильді капитан бар. Олар заңнама талаптарынан аттамау, әділ сайлауды қамтамасыз етуді алға міндет етіп отыр, – деді Ж.Тұсмағамбетов.
Жиында белсенді тұрғын, сайлау учаскелерінде дауыс беру процесі заң аясында, ашық өтуін қалайтын ерікті байқаушы Серік Ерімбетов «азаматтардың әділ, демократиялық таңдауын жасауына үлес қосу – азаматтық парызым» деген ойын білдірді.
М. СНАДИНҚЫЗЫ