Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сайлауға байланысты жаңа орталық ашылды

Сайлауға байланысты жаңа орталық ашылды

Бүгін елордада Сайлауды бейпартиялық байқау орталығы ашылды. 

Сайлауды бейпартиялық байқау орталығын ашып отырмыз. Біздің орталыққа алғашқы байқаушылар келіп жатыр. ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның байқаушылары да келді. Барша әлемде сайлау науқаны ерекше маңызға ие. Сайлау – ол дауыс берушілер тарапынан сайланып, конституциялық құқықты орындау. Қоғамдық ұйымдар үнемі сайлау процесін байқау іс-шараларына қатысуға тырысады. Сайлауда партиялар бір-бірімен жарысады. Партиялар атынан байқаушылар, сондай-ақ учаскелік комиссия мүшелері бар. Ал қоғамдық ұйымдар атынан баратын байқаушылардың басты мақсаты – сайлаудың қай деңгейде өткенін қарау, - дейді «Қазақстанның Азаматтық альянсының» президенті Бану Нұрғазиева. 
Оның айтуынша, қоғамдық ұйымдар ешқандай тікелей қатысушы емес, ешқандай бәсекелестікке түспейді. 
Кандидат ретінде сайлауға тіркелмеген, үкіметтік ұйымдармыз. Біз дауыс беру науқанын байқаймыз. Заң бұзушылықтарға жол берілмеуін, халықаралық стандарттар мен конституцияға, заңнамаға сайлау процесінің сәйкес келуі жағдайын қараймыз. Бұл талаптар қатаң орындалуы тиіс. Біздің орталықтың ашылуының мақсаты – сайлауға байланысты объективті ақпарат беру. Ел Президент осы сайлау өтеді деп жарлыққа шығарған сәттен бастап, бірден белсенді жұмысқа кірісіп кеттік. «Қазақстанның Азаматтық альянсы» алғаш болып, байқаушы ретінде осы сайлауда жұмыс істейтінін хабарладық, - дейді Бану Нұрғазиева. 
Айта кетейік, 10 қаңтарда өтетін Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары бүгін 18.01-де басталып, дауыс беру күнінің алдындағы күні сағат 00.00-де аяқталады.
baq.kz

10 желтоқсан 2020 ж. 864 0