Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Белсенді жастарға референдумның маңыздылығы түсіндірілді

Белсенді жастарға референдумның маңыздылығы түсіндірілді

Бүгін ауданымыздың белсенді жастарымен референдумды қолдауға арналған кездесу өтті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 5 маусымда болатын жал­пыұлттық референдум жайлы шешімі мемлекеттің әрбір азаматына үлкен жауапкершілік жүктеп қана қоймай, алдағы күнге маңызды қадам жасауға бағыт көрсетеді.
Иә, елімізде осындай үлкен саяси науқан басталып кетті. Қазір осы референдум өт­кізу туралы барлық өңірде рес­пуб­ли­калық штабтың өкілдері жұмыстарын жүргізуде. Соған сәйкес біз­дің бү­гінгі мақсатымыз да – рефе­рен­думның мән мен маңызын тү­сін­діру, халықты кеңінен ақпа­рат­­тан­дыру. Бұл өте маңызды. Ал саясаттануда демократияның басты көзі — халық. Сондықтан барлығымыз рефендумға қатысып, дауыс беруге құқымыз бар екендігі, әрбір кәмелеттік жасқа толған азаматтың референдумға қатысқаны абзал екені сөз болды.
Кездесу барысында, референдумның маңыздылығы және оған барша халық болып белсене атсалысу қажет екені айтылды.
Белсенді жастар референдумға қолдау білдіретіндерін айтып, өз ойларын ортаға салды.
Ержан ӘДІЛЖАНҰЛЫ,
"AMANAT" партиясы жанындағы Жастар қанатының басшысы

19 мамыр 2022 ж. 697 0