Ел келешегі үшін маңызды қадам
![](/uploads/posts/2022-05/medium/1653301729_bazarbay.jpg)
Мемлекет басшысы қабылдаған бұл шешімді халықтың қолдайтынына сенемін, себебі Президентіміз Ата заңға енгізілетін өзгерістерді бүкіл халықтың талқысына шығаруы - ел болып қолдауға лайықты іс. Бұл әрбір азаматтың мерейін өсіріп, рухын көтереді.
Ұсынылып отырған пропорционалды-мажоритарлық модель республикалық және өңірлік деңгейлерде де сайланушылардың мүдделерін жақсы көрсететін болады.
Бұл ұсынысты ел Президенті жариялаған "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асырудың лайықты жалғасы деп білемін.
Бәріміз бір ел болып, еліміздің ертеңі, ұрпағымыздың келешегі үшін 5 маусымда өтетін жалпы республикалық референдумға қатысуға шақырамын!
Еліміз аман, бірлігіміз бекем болсын! Жаңа Қазақстанды құруға бірге атсалысайық.
Базарбай Төреахметов,
Арал аудандық мәслихат хатшысы