Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » БАЛАБАҚША ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҰЖЫМ БОЛЫП ДАУЫС БЕРДІ

БАЛАБАҚША ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҰЖЫМ БОЛЫП ДАУЫС БЕРДІ

«Ақбұлақ» балабақшасы «Аққұм» округіндегі беделді ұжымдардың бірі. Мекеме әрдайым ауылдың қоғамдық өміріне белсенді араласып, алға қойған мақ­саттарды бірге еңсеруге атса­лы­сып келеді. Әр сайлауда ұжым сайлау учаскесіне бір кісідей баруды дәстүрге айналдырған. Бүгінгі Президент сайлауында да «Ақбұлақ» балабақшасының қызметкерлері ұжымның ішкі бір­лігі мен азаматтық борышын өтеуді сезініп, сай­лауға белсенді қатысып, ел үшін маңызды таңдауға үлкен үлес қос­ты. -"Президент сайлауы - біздің еліміздің бірлігі мен тұтастығын, ынтымағын, болашаққа деген сенімін, азаматтық қоғамның айнасын айшықтайтын күн. Бұл сайлау елімізге жаңа серпін әкеліп ғана қоймай, болашаққа нық қадам жасауға үлкен мүмкіндік берері айқын. Осындай күрделі шақта ел тағдырына бейжай қарамай, саяси науқанға белсене қатысу – барлығымыздың азаматтық борышымыз деп білеміз. Ең бастысы, біз дұрыс таңдау жасауымыз қажет. Себебі, Президентті таңдау арқылы, біз елдің болашағын таңдаймыз. Сол себепті сайлауға белсенділікпен қатысып, әр адам өз жарқын болашағына дауыс беруі қажет."-дейді ұжым қызметкерлері.
"Толқын" газеті
20 қараша 2022 ж. 584 0