Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген мәдениет қайраткері, Арал ауданының құрметті азаматы, ардагер-журналист Шәкірат Дәрмағамбетов аудан орталығындағы «Қарлығаш» балабақшасы ғимаратында орналасқан № 53 сайлау учаскесіне барып дауыс берді. 94 жастағы абыз ақсақал ел ертеңіне бей-жай қарамай барлық аралдықтарды маңызды науқанға белсенді атсалысуға шақыруда. Қазыналы қария дауыс беруге келген тұрғындарға батасын беріп, сәттілік тіледі.