Абыз ақсақалдың батасын алды

Абыз ақсақал партияның әлемді әбігерге салған індет кезінде халыққа жасаған қызметі туралы хабардар екенін жеткізіп, ризашылығын білдірді.Шәкірат Дәрмағамбетұлы еліміздің баспасөзі мен ақпарат саласын биікке шығару үшін аянбай қызмет етіп, зейнеткерлікке шықса да баспасөз саласындағы журналистік қызметін бүгінгі күнге дейін жалғастырып келеді.
Сайлауалды бағдарламасымен таныстырды
Алда еліміз үшін маңызды саяси дода өтпек. Осыған орай сайлауға түсетін кандидаттар өздерінің сайлауалды бағдарламаларымен таныстыру жұмыстарын жүргізуде. Үгіт-насихат жұмыстары барысында облыстық мәслихатқа үміткер кандидаттар З.Шүкіров атындағы қалалық мәдениет үйінде аудан тұрғындарымен кездесті.
Кездесу барысында «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы кеңінен түсіндірілді. Әсіресе партия бағдарламасында ауыл шаруашылық, кәсіпкерлік саласына жоғары мән берілген.
Үміткерлер кездесу барысында «Nur Otan» партиясының аз уақыт ішінде еліміздің жетекші саяси күші ретінде халқымыздың бірлігіне, еліміздің гүлденуіне қосқан үлесі жайлы айтып, алдағы уақытта да қазақстандықтың игілігіне жұмыс жасауды жалғастыратынын сөз етті. Сонымен қоса, үміткерлер тұрғындарға партияның бағдарламасы облыс халқын кешенді дамытуға бағытталғанын, аймағымызды әртараптандырып, бәсекеге қабілетті экономика және өмір сүру үшін жайлы аумақ ететін нақты шаралар ұсынылатындығын жеткізді.
«Nur Otan» партиясының Қызылорда облысы Арал ауданының сайлау қорының қаражатынан төленді