Арал: Әлеуметтік жобалар жалғасады

Үміткерлер «Nur Otan» партиясының аз уақыт ішінде еліміздің жетекші саяси күші ретінде халқымыздың бірлігіне, еліміздің гүлденуіне қосқан үлесі жайлы айтып, алдағы уақытта да қазақстандықтың игілігіне жұмыс жасауды жалғастыратынын айтты.
Бірінші кезекте әлеуметтік жобаларын жүзеге асыруды жалғастырады. Сумен жабдықтау және газ мәселелерін шешу үшін 2023 жылы Сырдария топтық сутартқышына Арал ауданының Абай, Тоқабай, Ақбасты ауылдарын қосу жоспарланған. 18 ауылда сумен жабдықтау жүйесін жақсарады оның ішінде, Арал ауданының Көктем, Аққұлақ, Күршек, Құланды елді мекендері бар. Облыстың 19 елді мекенін Арал ауданының Сексеуіл кенті, Шижаға, Қамыстыбас кентін газбен қамтамасыз ету жоспарланған. Арал ауданының Қамыстыбас көлінің жағалауында жағажай туризмін дамытуға 100 демалыс үйін салуды мақсат етіп отыр. Аудандағы 10 көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізіледі, деді «Nur Otan» партиясы атынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Мейрамбек Жұмашев.
Ал, Лаура Ибраимова «Nur Otan» партиясы өңірдің ең өзекті проблемаларының бірі Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтап қалу жобасының екінші кезеңі жүзеге асырылатындығын айтып әлеуметті қуанытты.
Үміткерлер тұрғындардың пікірін тыңдап, сұрақтарына жауап берді. Еліміздің жетекші партиясын қолдап, 10 қаңтар күні өтетін сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

