Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «ҮЛГІЛІ АУЫЛ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

«ҮЛГІЛІ АУЫЛ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының «Туған жер» бағдарламасы аясында, облыс әкімінің бастамасымен Қызылорда облысының елді мекендері арасында «Үлгілі ауыл» байқауын өткізу туралы шешім қабылданды.Байқаудың мақсаты – жұртшылықтың қоршаған ортаны қорғау мен орнықты даму мәселелерiн шешуге жан-жақты қатысуын қамтамасыз ету болып табылады.
Байқауға 8 ауылдық округ пен 5 тірек ауылдық елді мекеннің құжаттары тапсырылды.
Сонымен бірге, байқау тірек ауылдық елді мекендері мен басқа да елді мекендер арасында екі санат бойынша және елді мекендер көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарымен және санитарлық тазалықтың жай-күйі бойынша бағаланды.
Байқау екі кезеңде өтті. 
Бірінші кезең – аудан (қала) ішілік.
Екінші кезең - облыстық.
Облыстық жұмысшы комиссиясы аудан, қала әкімдіктері ұсынған ауылдық округтердің құжаттарымен танысып, 13 елді мекенді аралап, бағалап, қорытындысын шығарды. Байқаудың нәтижесі бойынша жеңімпаздарды облыс әкімі марапаттады.
Тірек ауылдық елді мекендер арасынан:
I орын – Қазалы ауданының Жанқожа батыр ауылы – 10,0 млн.теңге (әкімі Қуатов Сапарбек Қыстауұлы) ;
II орын – Арал ауданының Октябрь ауылдық округі Шижаға ауылдық елді мекені - 7,5 млн.теңге (әкімі Жандәулетов Нұрбек Сәуренұлы);
III орын - Жалағаш ауданының Мәдениет ауылдық елді мекені - 5,0 млн.теңге (әкімі Әбдіқалықов Өмірсерік Ыстықатұлы);
Ынталандыру сыйлығы - Шиелі ауданының Еңбекші ауылы - 2,0 млн.теңге (әкімі Омаров Баимбет Нарынбайұлы).
Елді мекендер арасынан:
I орын – Қызылорда қаласының Ақсуат ауылы - 10,0 млн.теңге (әкімі Ақмырзаев Мәмбетали Сеитжапбарұлы);
II орын - Қазалы ауданының Ғани Мұратбаев ауылы – 7,5 млн.теңге (әкімі Рыстығұл Абай Қоңырбайұлы);
III орын - Сырдария ауданының Нағи Ілиясов – 5,0 млн.теңге (әкімі Нұрмағанбетов Сағдат Нұрмағанбетұлы);
Ынталандыру сыйлығы - Қармақшы ауданының Қармақшы ауылы - 2,0 млн.теңге (әкімі Білжанов Әлімбай Махмұтұлы).
www.facebook.com
12 наурыз 2019 ж. 1 662 0