Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУ – ЕРТЕҢГЕ БАҒДАР

ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУ – ЕРТЕҢГЕ БАҒДАР

Аралқұм ауылында тұрғындармен өткен есепті кездесуінде аудан əкімі Мұхтар Оразбаев округ бойынша ел дамуы жолындағы атқарылған игі істерге тоқталды.Аралқұм ауылдық округіне Аралқұм, Шөміш және Мойнақ елді мекендері қарайды. Орталығы Аралқұм елді мекені. Округтің жалпы жер көлемі - 18070 гектарды құрайды.
Аралқұм ауылдық округі бойынша 1792 халық, 320 қожалық бар.
«Бастау Бизнес» оқыту курсы бойынша 4 адам оқытылып, оның ішінде 2 адам мал өсіру бағытында жұмыс жасаса, «Бизнес Кеңесші» оқыту курсы аясында оқыған 3 кәсіпкер несие алып, жұмыстарын жандандыруда.
Бұған қоса, 1 жеке кәсіпкер «автокөліктерге техникалық қызмет көрсету» жобасы бойынша 700 мың теңге қайтарымсыз грант иеленді.
16 шаруа қожалығы мал өсірумен және асылдандырумен айналысады. Оның ішінде, 4 шаруа қожалық жалпы саны 14 асыл тұқымды бұқа сатып алып, мал басын асылдандыру бағытында жұмыс жасауда.
Сондай-ақ, «Сыбаға» бағдарламасы аясында 1 ауыл тұрғыны «Арал ырысы» несие серіктестігі арқылы 10 млн теңге несие алып, 59 бас аналық және 3 бас асыл тұқымды бұқа малын сатып алса, 1 азамат мал шаруашылығын дамыту бағытында 2,3 млн теңге несие алды.
Бұдан бөлек, жеке кәсіпкер «Қ.Көбенов» өз қаражаты есебінен 10 млн теңгеге «техника жөндеу шеберханасын» ашу жобасымен кәсібін бастауда. Алдағы уақытта 3 адамды тұрақты жұмыспен қамту көзделуде.
Шөміш елді мекеніндегі «Латон Маркет» ЖШС-і кварц құмын игерумен айналысып, округ бойынша 20 адам тұрақты жұмыс жасауда. 
Сонымен қатар, «Латон Маркет» ЖШС-нің демеушілігімен Шөміш елді мекенінен 3 бала арнаулы орта білім алуда.
Қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында учаскелік полиция қызметкерлері «Аралқұм ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанынан 1 бөлмелі тірек пунктімен қамтамасыз етілді.
Сонымен қатар, Аралқұм ауылының батыс жақ бетіндегі ұзындығы 800 метр болатын көшені түнгі жарықтандыруға қажетті қаржы бөлініп, жұмыстар толық аяқталды.
Жиын соңында ауыл тұрғындары жыл көлемінде атқарылған жұмыстарға ризашылықтарын білдіріп, ақсақалдар ақ батасын берді.
22 қаңтар 2019 ж. 1 947 0